Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамырдың 31-де аталып өтетін Темекімен күрес күніне орай дайындаған баяндамасында айтылған. Оған жүгінсек, 2000 жылдан бері шылымға әуес адамдардың қатары 27 пайыздан 20 пайызға дейін қысқарған.
Дегенмен, зерттеулерге қарағанда, әлемде жыл сайын темекіге құмар жеті миллион адам түрлі аурулардан қайтыс болады екен.
Бұл зиянды әдет, әсіресе, обырға, жүрек-қан тамырлары ауруларына, соның ішінде, жүрек талмасына және инсультке шалдықтырады.
Мадина РАХЫМБЕК