Дональд Трамптың Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынмен кездеспеуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дональд Трамптың Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынмен кездеспеуі мүмкін

23.05.2018

АҚШ президенті Дональд Трамптың Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынмен кездесуі жоспарланғандай маусымның 12-де өтпеуі мүмкін. Бұл турасында Ақ үй қожайыны сейсенбі күні тілшілерге мәлім етті.

Сонымен қатар, Трамп солтүстіккореялық лидер бұл саммиттің болғанын қалап, оған дайындалып жүр деп санайтынын жеткізген. 

«Бұл Солтүстік Корея және бүкіл әлем үшін жақсы кездесу болуы мүмкін деген пікірдемін. Алайда, біздің белгілі бір талаптарымыз бар. Біз соған қол жеткізбесек, ешқандай жүздесу болмайды», -деді Трамп. Дегенмен, ол АҚШ-тың Пхеньянға нақты қандай талап қойып отырғанын айтқан жоқ.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу