Гавай аралдарында Килауэа жанартауының атқылауына байланысты қауіптіліктің ең жоғарғы – қызыл деңгейі жарияланды. АҚШ-тың Геологиялық қызметі вулканның белсенділігі кез келген уақытта артуы мүмкін екенін ескертіп отыр. Мұндай жағдайда жан-жаққа күл мен лава қайта атқылап, кратерде тағы да жарылыстар болып, жолдарда жарық пайда болуы мүмкін.
Қазір Килауэа маңындағы Пуна округі табиғи апат аймағы болып жарияланды. Сондықтан, бұл өңірден екі мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілген. Ал, АҚШ президенті Дональд Трамп Гавайға көмек көрсететінін мәлімдеді.
Мадина РАХЫМБЕК
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.