Францияда теміржолшылар ереуілі жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда теміржолшылар ереуілі жалғасып жатыр

14.05.2018

Француз теміржолшылары сәуірдің 3-нен бері 9-шы рет ереуіл жариялағандықтан, талай пойыз сапарға аттанбай, қатынас қиындап отыр. Сондықтан, вокзалдар мен метро станцияларында мыңдаған адам діттеген жеріне жете алмай, сергелдең күй кешіп жүр.

Соңғы мәліметке қарағанда, ереуілге машинистердің 76 пайызға жуығы, жолсеріктердің 74 пайыздан астамы, жұмысшылардың 40 пайызға жуығы қатысып жатыр. Олар маусымның 28-не дейін бес күннің екеуінде наразылық акциясына шығуды жоспарлап отыр.

Айта кетсек, кәсіподақтар үкіметтің Франция ұлттық теміржол компаниясын реформалау жоспарына қарсылық білдіріп жатыр.

Арыстан РЫСБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу