Осыған орай, Оңтүстік Кореяда он мыңдай адам Сеул алаңына жиналып, үкіметтен жұмысшылардың құқықтарына назар бөлуді талап етті. Сонымен бірге, наразылық акциясына қатысушылар халықты алаңдататын мәселелерді шешудің орнына билік Солтүстік Кореямен арадағы байланыстарға көбірек көңіл бөледі деп сынға алды.
Ал, Индонезияда бір топ адам жалақыны көтеруді талап етіп шеруге шықты. Олар өз еңбектерінің тым төмен бағаланатынына өкпелі. Акцияға қатысушылар жұмыс берушілердің өз қызметкерлерін ынталандырмайтынын және жеңілдіктер жасамайтынын айтады. Олардың сөзінше, жұмыстары ауыр болғанына қарамастан, қарапайым жұмысшылардың жалақысы мемлекеттік қызметшілерге қарағанда әлдеқайда төмен. Шерушілер үкіметтен өз талаптарын орындауды талап етті. Осыған ұқсас шерулер бүгін Испания, Филиппин тәрізді елдерде де ұйымдастырылды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ