Бұған қоса, ресейлік мамандар сириялық әскерилерді жаттықтыруды жалғастыра бермек. Мұны бүгін Ресей Бас штабының генерал-полковнигі Сергей Рудской мәлімдеді. Сирияға Ресейден С-300 зениттік-зымырандық жүйелердің тасымалданатыны жақында АҚШ, Ұлыбритания, Франция қарулы күштері Дамаскіні зымыранмен атқылағаннан кейін жиі айтыла бастады.
Тағы бір ақпаратқа сай, Сирияның әуе кеңістігін қорғау үшін С-300 кешенінің 12 дивизиясы қажет. Ресей сарапшыларының ойынша, бұл кешендердің жеткізілуін Батыс өзіне қарсы әрекет деп бағалауы мүмкін. Ал, Израиль Сирия онымен қауіп төндірсе, С-300 жүйесін жойып жіберетінін ескертті.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ