Жапонияның 70 шақты саясаткерінің «Ясукуни» храмына баруы көршілес елдердің қарсылығын тудыруы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияның 70 шақты саясаткерінің «Ясукуни» храмына баруы көршілес елдердің қарсылығын тудыруы мүмкін

20.04.2018

Жапонияның 70 шақты саясаткерінің «Ясукуни» храмына баруы көршілес Азия елдерінің, соның ішінде Қытай мен Оңтүстік Кореяның қарсылығын тудыруы мүмкін.

Шенеуніктер бұл ғибадатханаға көктем мерекесін атап өту үшін бас сұқты. Сонымен қатар, олар түрлі соғыстардан қаза тапқан 2,5 миллион сарбаз бен офицерлердің рухына тағзым етті. Сол құрбандардың ішінде 14 әскери қылмыскер бар. Сондықтан, Азия елдері «Ясукуни» храмын Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі жапон милитаризмінің символы деп санайды.

Айта кетсек, 2013 жылы жапон премьері Синдзо Абэ осы ғибадатханаға барғанда Қытай мен Оңтүстік Кореяда наразылық шерулері өткен еді. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу