Жапонияның Саппоро қаласында мұз мүсіндер фестивалі басталды

05.02.2018

Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында 69-шы мұз мүсіндер фестивалі басталды. Ол елдің атақты манга суретшісі Осаму Тэдзуканың 90 жылдық мерейтойына арналып отыр. Қонақтар қар мен мұздан жасалған 110-нан астам өнер туындысын тамашалай алады. Солардың арасында  Жапония мен Швецияның 150 жылдық достығының құрметіне тұрғызылған  Әулие Николай шіркеуі мен алып Якусидзи храмының көшірмелері бар. Фестиваль барысында Австралия, Индонезия, Қытай, Финляндия және тағы басқан елдерден жиналған 12 топ арасында мұз мүсіндер байқауы өтеді.

Жапония үшін дәстүрге айналған бұл мейрам 1950 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл әлемнің түкпір-түкпірінен 2,5 млн қонақ баруы мүмкін.

Томирис АБИШЕВА

Хабарламаларға жазылу