Ереванда полиция шерушілерді тұтқындай бастады. Мұны бүгін «Кавказский узел» интернет басылымы хабарады. Ондағы мәліметке қарағанда, шерушілер Баграмян алаңын босатып, үкімет резинденциясы маңынан да кеткен. Алайда, оппозиция жетекшісі Никол Пашинян манифестанттарды премьер-министрдің кеңсесін қоршауға шақырды.
Жергілікті уақытпен түскі сағат 12-ге дейін полиция бөлімшелеріне 68 шеруші жеткізілген. Бұл наразылық акциясы бес күн бұрын басталған еді. Бірақ, сол шерулерге қарамастан, парламент бұрынғы президент Серж Саргсянды бәрібір үкімет басшысы етіп тағайындауға дауыс берді. Көп кешікпей жаңа президент Армен Саргсянның қаулысымен экс-президент премьер-министр лауазымын иеленді. Кейбір сарапшылардың пікірінше, Серж Саргсян ресми түрде үкімет жетекшісі болғанымен, шын мәнінде мемлекетті әрі қарай да басқара бермек.
Арыстан РЫСБЕК