АҚШ-тың Орталық барлау қызметінің басшысы және болашақ мемлекеттік хатшы Майк Помпео Пхеньянға құпия сапар шегіп, Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынмен кездесті. Америка ақпарат құралдары жариялаған бұл ақпарды енді президент Дональд Трамптың өзі де растап отыр.
«Твиттердегі» парақшасында Ақ үй басшысы өткен аптада болған кездесуде алдағы уақытқа жоспарланған екіжақты саммиттің егжей-тегжейі талқыланғанын жазған. Сонымен қатар, Трамп «Корей түбегін ядролық қарудан тазарту бүкіл әлем үшін де, Солтүстік Корея үшін де керемет болады», деп атап өтті.
Мадина РАХЫМБЕК