Израильде көзге арналған «Нано» тамшылар жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильде көзге арналған «Нано» тамшылар жасалды

09.04.2018

Израиль ғалымдары көзілдірік пен линзаларды алмастыратын көзге арналған «Нано» тамшыларды сынақтан өткізіп жатыр. Жаңа препарат көздің алыстан немесе жақыннан дұрыс көрмеу дертін емдей алады. Емдік тамшылар доңыздардың көздеріне тексерілген. Жыл соңына дейін нано-препарат адамдарға сыналып көрмек. Сынақтар сәтті өтсе, бұл жаңашылдық көз ауруларын емдеуде үлкен ілгерушілік болмақ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, қазір әлемде 285 миллион адам көз ауруларына шалдыққан. Олардың 39 миллионы - зағип жандар.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу