Qatar-2022: Қарсыласын қапы қалдырған футболшылар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Qatar-2022: Қарсыласын қапы қалдырған футболшылар

14.12.2022

Биылғы чемпионатта шеберлігімен көзге түсіп, қарсыласын ең көп алдап өткен ойыншылар тізімі жасалды. Көш басында неміс футболшысы Джамал Мусиала тұр. 19 жастағы шабуылшы 19 мәрте дриблинг жасаған екен. Қызығы Германия топтық кезеңнен аса алмай қалды. Ал Джамал 3 ойынға ғана қатысып үлгерген. Екінші орында Килиан Мбаппе бар. Шабуылшы 15 рет қарсыластан айласын асырыпты. Үздік үштікті канадалық қорғаушы Алфонсо Дэвис түйіндейді. Жүйрік ойыншы 11 мәрте айып алаңына еніп, қарсыласын алдап өтіпті. 

Хабарламаларға жазылу