Шығыс Гутада содырлардың бақылауында қалған соңғы қала – Думаға химиялық шабуыл жасалған болуы мүмкін. Бұл туралы Сирияда жұмыс істейтін дәрігерлер мен құтқарушылар мәлім етіп отыр. Олардың сөзінше, сәуірдің 7-де бұл қала тұрғындары хлордан уланған.
Құрбандардың саны кем дегенде 70 адам. Шабуылдан зардап шеккен бейбіт тұрғындардың қатарында бала аз емес.
Алайда, бұл ақпаратты тәуелсіз дереккөздер растаған жоқ. Ал, Сирия үкіметі болса, оны жалған дейді.
Мадина РАХЫМБЕК