АҚШ президенті Дональд Трамп елдің Мексикамен арадағы шекарасын күзету үшін Ұлттық гвардияны пайдалану жайлы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Ақ үй өкілдері мәлім етіп отыр.
Құжатта қорғаныс министрі ішкі қауіпсіздік министрлігіне оңтүстік шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және Америкаға бандиттер, қылмыскерлер мен заңсыз мигранттар ағымын, сондай-ақ, контрабанда мен есірткінің әкелуін тоқтататын шаралар қолға алуда жәрдем беруі тиіс деп ескертілген.
Ведомстволар 30 күн ішінде мемлекет басшысына өздерінің жоспарларын ұсынуы тиіс.
Мадина РАХЫМБЕК