Мексикада 600 гектар орман алқабы өртеніп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексикада 600 гектар орман алқабы өртеніп кетті

27.03.2024

Мексиканың орталығындағы Веракруз штатында 600 гектар орман алқабы өртеніп кетті. Мұны жергілікті үкімет хабарлап отыр. Тілсіз жаумен күреске өрт сөндіру бригадалары, ұлттық гвардия және орман шаруашылығы комиссиясының мамандары тартылған. Штаттың азаматтық қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, әзірге ешқандай елді мекенге қауіп төнген жоқ. Сондықтан, халықты қауіпсіз жерге көшіруге негіз жоқ.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу