Вашингтонда шие ағаштары гүлдей бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вашингтонда шие ағаштары гүлдей бастады

04.04.2018

Ұлттық бақтар қызметінің мәліметінше, қазір көздің жауын алатын өсімдіктердің 20 пайызы бүр жарған екен. Осы аптаның соңына дейін шие ағаштарының 70 пайызы толығымен гүлдейді. Қала тұрғындары мен меймандары бұл құбылысты тамашалауға арнайы барып, суретке түсіріп жүр. Дегенмен, метеорологтардың болжамынша, ауа райы кез келген уақытта құбылып, күшті жел тұруы ықтимал. Сол себепті, шие ағаштары нәзік гүлдерінен айырылып қалуы мүмкін.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу