Лондоның «Хитроу» әуежайына Австралиядан Британияға қонбай ұшып барған алғашқы ұшақ қонды. «Qantas Airlines» компаниясына тиесілі лайнер 14 мың 498 шақырымды шамамен 17 сағатта бағындырған.
Рейске Boeing 787-9 Dreamliner әуе кемесі аттандырылды. Ол Boeing 747-ге қарағанда отынды азырақ жұмсайды екен.
Осы тікелей рейстің арқасында Батыс Австралия билігі туристік ағымның ұлғаятынына үмітті.
Айта кетсек, бұрын «Qantas»-тың Австралия мен Біріккен Корольдік арасындағы бірінші рейстері төрт күнге созылатын. Ұшақ жеті жерде аялдайтын еді.
Мадина РАХЫМБЕК