Nursultan Nazarbayev халықаралық әуежайында қатты боранға байланысты 14 әуе рейстері кейінге қалдырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Nursultan Nazarbayev халықаралық әуежайында қатты боранға байланысты 14 әуе рейстері кейінге қалдырылды

17.01.2020
Nursultan Nazarbayev халықаралық әуежайында қатты боранға байланысты 14 әуе рейстері кейінге қалдырылды

Қазіргі таңда 9 рейс өзге қалалардан келетін ұшақтардың кешігуіне байланысты кейінге шегеріліп отыр. Олар - «Fly Arystan» компаниясының 2 рейсі (Павлодар, Мәскеу) және «Air Astana» компаниясының 7 рейсі (Алматы – 2 рейс, Қызылорда, Шымкент – 2 рейс, Ақтөбе, Орал). 

«Ал әуежайдан ұшып шығуға тиіс 5 рейс, атап айтқанда «Air Astana» компаниясының Алматыға ұшатын 4 рейсі мен «Аэрофлоттың» Мәскеуге қатынайтын бір рейсінің уақыты өзгерген. Күшті желге байланысты (жылдамдығы секундына – 15 метрден асады) қауіпсіздік мақсатында әуе кемелерін мұз қатуға қарсы сұйықтықпен өңдеуге жол берілмейді», - деп мәлімдеді Жеңіс Ахметжанов. 

Қазіргі уақытта Nursultan Nazarbayev халықаралық әуежайы штаттық режімде жұмыс істеп жатыр.

Хабарламаларға жазылу