Бразилияда ақша ұрлаған епископ тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда ақша ұрлаған епископ тұтқындалды

20.03.2018

Бразилияның Формоза қаласының полициясы жергілікті епископты қамауға алды. Өйткені, Хосе Рибейру өзге дін қызметшілерімен бірге шіркеу қазысынан 608 мың доллар ұрлады деп айыпталып отыр.

Тәртіп сақшыларының мәлімдеуінше, оның бес сыбайласы бірнеше күн бұрын қолға түскен екен. Алайда, олардың аттары жасырылып, әзірге аталмай отыр.

Рибейру бес күнге тұтқындалды. Осы уақыт ішінде тергеушілер оның кінәсін дәлелдеуі тиіс.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу