Остин қаласының оңтүстік-батысындағы жарылыстан екі адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Остин қаласының оңтүстік-батысындағы жарылыстан екі адам жараланды

19.03.2018

АҚШ-тың Техас штатындағы Остин қаласының оңтүстік-батысында жарылыс болды. Соның салдарынан жастары шамамен 20-дағы екі адам жарақат алған. Олар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Тәртіп сақшылары жарылғыш зат іске қосылған аумақты жауып тастаған.

Наурыздың 12-де Остинде екі бомба жарылып, бір адам қаза тапқан-ды. Тағы біреуі зардап шекті. Ал, одан 10 күн бұрын мұнда дәл осындай оқиғадан 39 жастағы ер адам опат болған.

Құқық қорғаушылардың пікірінше, бұл жарылыстар бір-бірімен байланысты. Бірақ, оларды кім және неліктен ұйымдастырғаны әзірге белгісіз.

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу