Эйфель мұнарасы тағы да жарыс алаңына айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эйфель мұнарасы тағы да жарыс алаңына айналды

16.03.2018

Францияның символы – Эйфель мұнарасы тағы да жарыс алаңына айналды. Мұнда жыл сайынғы дәстүрлі жоғарыға қарай жүгіру жарысы болды. Биыл оған 129 әуесқой және кәсіпқой спортшылар қатысты. Олардың арасында шетелден келген қонақтар да бар.

Биіктігі 324 метрлік құрылыстың төбесіне бірінші болып ерлер арасында поляк Петр Лободзинский жетті. Алға қойған міндетін 7 минут 56 секундта орындаған ол осымен төртінші жыл қатарынан жеңімпаз атанып отыр. Ал, әйелдер арасында жарыс жүлдесін австралиялық Сьюзи Уолшем алды. Ол мұнараның төбесіне 10 минут 2 секундта жүгіріп шыққан.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу