Дауыл салдарынан Эйфель мұнарасы жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дауыл салдарынан Эйфель мұнарасы жабылды

04.01.2018

Франция астанасы Парижде «Элеонор» дауылы салдарынан Эйфель мұнарасы жабылды. Әсіресе, елдің солтүстігіне күшті соққы берген екпінді желден 200 мыңға жуық адам жарықсыз қалды. Оның жылдамдығы сағатына 147 шақырымға жетіп отыр. Шарль де Голль әуежайында рейстер доғарылып, адамдар терминалдарда түнеуге мәжбүр. Жолдар бұзылып, көліктерге ағаштар құлап, жол апаттары да болып жатыр. Әзірге зардап шеккендердің нақты саны белгісіз. Соңғы келіп түскен деректерге қарағанда, «Элеонор» дауылы Еуропаның бірнеше елдеріне де соққы берді. Швейцария, Германия және тағы басқа жерлерде ағаштар құлап, электр сымдары үзіліп, мектептер жабылып жатыр деген мәлімет бар. 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу