Лондон Мәскеуден түсініктеме талап етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондон Мәскеуден түсініктеме талап етті

13.03.2018

Сергей Скрипаль мен оның қызы жүйкені салдандырушы затпен уланған. Мұны британ премьері Тереза Мэй мәлімдеді. Үкімет басшысының сөзінше, «Жаңа» деген аты бар препарат Ресейде жасалған. Бұған қоса, Мэй Мәскеуден бүгінге дейін осыған қатысты түсініктеме беруін талап етті. 

Британ премьері  Ресей жағынан Сергей Скрипальдің улануына қатысты тұщымды жауап болмаса, онда Ұлыбритания аумағында Ресей мемлекеті заңға қайшы күш қолданғаны болып саналатынын ескертті. Ал, Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Мэйдің айыптауларын арандатуға бағытталған кезекті «ақпараттық-саяси науқан» деп  мәлімдеді.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу