Словакияда репортердің өлімінен кейін Братиславада шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Словакияда репортердің өлімінен кейін Братиславада шеру өтті

01.03.2018

Словакияда 27 жастағы тілші Ян Куцьяктың анти-коррупциялық репортажынан кейін жүздеген словак Братиславада шеруге шықты. Айта кетсек, Куцьяк пен оның құрбысының өлі денелері ақпанның 25-де  Велка-Мака қаласындағы үйлерінен табылды.

Марқұм журналист бұған дейін Словакия саясаткерлерімен және Италия мафиясымен байланыстағы бизнесмендердің қылмысы туралы материал жазған. Сондықтан, жергілікті полиция тілшінің өлімі оның жұмысымен байланысты деген болжам айтып отыр.

Осы жанжалдан кейін Премьер –министрдің  көмекшісі Мария Трошкова мен  Ұлттық қауіпссіздік кеңесінің  хатшысы Вилиам Ясань жұмыстан қуылды.

Ян Куцьяк Словакияда өлтірілген бірінші журналист. Премьер-министр Роберт Фицодың айтуынша, оған жасалған қастандық - сөз бостандығы мен демократияны шектеуге бағытталған қылмыс.

Томирис АБИШЕВА

Хабарламаларға жазылу