Балалар кітапты 3D форматта оқи алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балалар кітапты 3D форматта оқи алады

27.02.2018

Балаларға арналған классикалық кітаптарды интернетте 3D форматта әрі ойын түрінде оқитын күн алыс емес. Мұндай жобаны Ұлыбританияның Ланкастер Университетінің зерттеушілері жүзеге асырып жатыр.

Олардың технологиясы мынадай. Мәселен, «Қазыналы арал» деген туындыны оқып отырған оқушы картаның белгісін басып, оқиға болып жатқан жерді анық көре алады. Ол үшін географиялық ақпараттық жүйе қолданылады. Қазір осынау электрондық форматқа Даниэль Дефоның «Робинзон Крузо» романы да көшіріліп жатыр.

Айта кетсек, жаңа жобаны іске асыруға «Өнер және Адамзат кеңесі» деген ұйым 1 миллион фунт стерлинг бөлген.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу