Германияда жаңа үкімет құру жөнінде келісім жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда жаңа үкімет құру жөнінде келісім жасалды

07.02.2018

Германияда бірнеше айға созылған саяси дағдарыс аяқталуға жақын. Бүгін белгілі болғандай, канцлер Ангела Меркельдің консервативтік блогы мен социал-демократтар коалициялық кабинет құру туралы келісімді мақұлдады. Бұл құжат жаңа үкіметті жасақтауға негіз болмақ. Ал, «Дойче пресс» агенттігінің хабарлауынша, партиялар министрлік портфельдерді бөлісуге де уағдаласқан.

Социал-демократтар мен биліктегі христиан-демократтар осы мәселелер бойынша келіссөздердің шешуші раундын 24 сағатқа жуық жүргізді.

Айта кетсек, Меркельдің блогы былтыр қыркүйектің 24-де өткен парламенттік сайлауда жеңіске жетті. Алайда, канцлерге өзге партиялармен одақтасудың сәті түспеді. Сондықтан, осы уақытқа дейін Германияны ескі үкімет басқарып келді. 

Александр Добриндт, Парламент мүшесі:

- Партия басшылары әлі баспасөз мәслихатын өткізіп жатыр. Бірақ, көріп тұрсыздар, біз бақыттымыз. Барлық кедергілерден өттік, даулы мәселелерді ашық талқыладық. Келіссөздер сәтті аяқталды. Меніңше, Германияда жаңа үкімет құруға жол ашылды.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу