Сербияда мыңдаған мигрант Венгрияға өте алмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сербияда мыңдаған мигрант Венгрияға өте алмай тұр

26.01.2018

Сербияда мыңдаған мигрант Венгрияға өте алмай, шекара маңына жиналып қалды. Оларда не ақша жоқ, не үйлеріне қайтар жол жоқ. Венгрия болса, Еуропа одағының босқындарға квота беру туралы заңынан бас тартып, Сербиямен, Хорватиямен арадағы шекараларының бойына 175 шақырымдық металл қабырға тұрғызған. Оның биіктігі - 4 метр. Осыған байланысты мигранттар бұл мемлекет арқылы Батыс Еуропаға жете алмай отыр. Олардың дені – Таяу Шығыс, Африка, Азия елдерінен. Босқындардың көбінің арманы -  Германияға аман жетіп, баспана алу.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу