Филиппинде вулканнан қашқан мыңдаған адамға медициналық көмек көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Филиппинде вулканнан қашқан мыңдаған адамға медициналық көмек көрсетілді

26.01.2018

Филиппинде вулканның айналасынан қашқан жүздеген адамға бүгін медициналық көмек көрсетілді. Бұл шараны жергілікті Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған. Тұрғындар тексеруден өтіп, қартайған әйелдер мен балаларға дәрі-дәрмек таратылды.

Жалпы алғанда, жанартау маңындағы елді мекендер мен қалалардан 75 мыңнан астам көшірілген. Олардың көбі эвакуациялық орталыққа айналған мектеп ғимараттарын паналап отыр.

Майон вулканының белсенділігі әлі басылған жоқ. Сондықтан, үкімет одан 2,5 шақырым алшақ жүруге бұйрық берді.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу