Жапония астанасы Токиода қалың қар жауып, темір жол қатынасы тежелді. Соңғы деректерге қарағанда, екі күн ішінде 700 жол апаты тіркеліп, әуежайда 380 рейс кейінге қалған. Шамамен 60-тан астам адам түрлі жарақаттармен ауруханаға түскен. Орталық аудандарда қардың қалыңдығы 23 сантиметрге жетті. Бұл жапондықтар үшін күнде бола бермейтін жағдай. Жергілікті билік 4 жылда алғаш рет қалың қар жайлы тұрғындарға ескерту жасады. Мамандар басып қалған ақ ұлпаны тазартып үлгермей жатыр. Кейбір жолдар әлі жабық тұрғандықтан, қаладағы дүкендерде тамақ қымбаттай бастады.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ