Ливияда екі көлік жаралып, 20 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ливияда екі көлік жаралып, 20 адам қаза тапты

24.01.2018

Ливияның Бенгази қаласында екі көлік жарылып, кемінде 20 адам қаза тапты. Тағы 30-ы жараланып, ауруханаға түсті. Осыдан бірер сағат бұрын келіп түскен мәліметтер бойынша бірінші дүмпу орталық ауданның біріндегі мешіт маңында болған. Содан соң, 10-15 минут өтіп, полиция оқиға орнына жеткенде екінші жойқын жаралыс іске қосылған. «Reuters» агенттігінің хабарлауынша, дүмпудің күшті болғаны сонша, жақын маңдағы жедел-жәрдем қызметінің көлігі көкке ұшқан. Құрбан болғандардың арасында әскерилермен қатар, бейбіт тұрғындар бар. Әзірге шабуылды ұйымдастырғандар анықталған жоқ.

Айта кетсек, Бенгазиде қарулы топтар арасындағы қақтығыстар 2014 жылдан бері әлі күнге дейін шешімін таппай келеді.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу