АҚШ-тың Сиэтл қаласында «Amazon» компаниясының кассасыз және сатушысыз алғашқы супермаркеті ашылды. Бұл дүкенде сауда жасау ерекше. Тұтынушылар метродағы турникет арқылы өтіп, валидаторға «Amazon Go» қосымшасы жүктелген смартфондарын тақауы керек. Содан кейін валидаторға орналасқан сенсорлар тауардың құнын есептеп шоттан алады екен. Тек адамдар ішімдік аларда ғана бір сатушының көмегіне жүгінеді. Өйткені, ол азаматтың жасы тексерілуі керек.
Бұған дейін «Amazon» осындай дүкенді алғаш рет 2016 жылы ашқан. Алайда, ол тәжірибе сәтсіз аяқталды. Себебі, ол кезде сенсорлар дұрыс жұмыс істемей, сөрелерден балалар тауары жиі алынып, қайта қойылуына байланысты істен шыққан.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ