Афиныда ереуілге байланысты пойыздар мен кемелер тоқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Афиныда ереуілге байланысты пойыздар мен кемелер тоқтады

12.01.2018

Грекия астанасы Афиныда 24 сағаттық ереуіл басталды. Соның салдарынан 1 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсететін метро жабылып, пойыздар тоқтады. Порт жұмысшылары мен дәрігерлер де бүгін жұмысқа шыққан жоқ.

Олар ереуіл жариялау құқығын шектейтін және отбасылық кірістің азаюына әкелетін жаңа реформаларға қарсы. Бұл туралы құжатты парламент қаңтардың 15-де мақұлдамақ. Ол грек жұмысшыларының ашу-ызасын тудырып отыр. Бірақ, Грекияға қаржылай көмек беріп отырған кредиторларға сенсек, ереуілдерді шектеу туралы заң жұмыс өнімділігін арттыра алады.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу