Қытай жағалауында сенбіде апатқа ұшыраған ирандық танкер әлі өртеніп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай жағалауында сенбіде апатқа ұшыраған ирандық танкер әлі өртеніп жатыр

11.01.2018

Ол кез келген уақытта атылып, құрдымға кетуі мүмкін. Кеше танкердің алдыңғы бөлігінде жарылыс болып, құтқару операциясы уақытша тоқтатылды.

Қазір бұл акваторияға экологиялық қауіп төніп тұр. Себебі, танкердегі 136 мың баррель конденсат суға төгіліп жатыр.

Апат Шығыс Қытай теңізінде болды. Із-түзсіз жоғалып кеткен 31 экипаж мүшесі іздестіріліп жатыр. Олардың 30-ы - Иран, екеуі - Бангладеш азаматтары. 1 адамның денесі табылған.

Мұнай тасушы танкер Қытайдың жүк кемесімен соқтығысқан. Трагедияға не себеп болғаны әзірге белгісіз.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу