Бүгін Қызыл теңізде ирандық мұнай танкеріне екі ракета тиді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Қызыл теңізде ирандық мұнай танкеріне екі ракета тиді

11.10.2019

Ол Ислам Республикасының Парсы шығанағы жағалауындағы Ларак портына бара жатып соққыға ұшыраған. Жергілікті мемлекеттік телеарнаның хабарлауынша, «Сабити» деп аталатын танкер Сауд Арабиясының Джидда порты маңында шабуылға тап болды. Ол өртеніп, қатты зақымданып, суға шикізат төгілген.

Болжамдарға қарағанда, бұл оқиғадан кейін Тегеран мен Эр-Рияд арасындағы шиеленіс тіпті күшеюі мүмкін.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу