Трамп Иранға санкция жариялайтынын ескертті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп Иранға санкция жариялайтынын ескертті

05.01.2018

АҚШ әкімшілігі Иранды көтерілісті күшпен басқаны үшін айыптап, оған қарсы санкция жариялауға «мол билігі» бар екенін ескертті. Өйткені, Мемлекеттік департамент өкілі Хизер Нойерттің мәлімдеуінше, Ислам Республикасының үкіметі өткен аптадағы шерулер кезінде батыл демонстранттарды өлтіріп, мыңнан астам адамды түрмеге қамаған. «Режим құрбандарына айтарымыз мынау: ештеңе ұмыт қалмайды», - дейді Америка сыртқы саясат ведомствосының баспасөз хатшысы. Сонымен қатар, Вашингтон баллистикалық зымыранды дамытуға үлес қосқаны үшін ирандық бес компанияға санкция жариялаған.

Сондай-ақ, Құрама Штаттар бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының осы айда Қазақстан төрағалық ететін Қауіпсіздік кеңесінде Иран мәселесі бойынша төтенше мәжіліс өткізуді жоспарлап отыр. Мұны осы кеңестің қазіргі президентінің өкілі Алма Қоңырбаева растады.

Тегеран болса көтеріліс өз бетімен емес, АҚШ пен ЦРУ-дің ықпалымен басталды деп есептейді. Құрама Штаттар мұны жоққа шығарып отыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу