АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тұрғын үйде өрт шығып, кемінде 12 адам қаза тапты. Тағы 10-нан астамы жараланып, ауруханаға жеткізілген. Құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін.
«Ассошиэйтед пресс» агенттігінің хабарлауынша, оқиға Бронкс ауданында 5 қабатты үйде болды. Лапылдаған от кешкі сағат 7 шамасында басталған. Тілсіз жаумен күреске 170 өрт сөндіруші тартылды. Соңғы деректер бойынша, қазір өрт толығымен сөндірілді. Әзірге оның себебі анықталған жоқ.
Бил де Блазио, Нью-Йорк мэрі:
- Бұл - соңғы жылдары қаламызда болған ең алапат өрт. Қолда бар деректер бойынша, лапылдаған жалын 12 адамның өмірін қиды. Олардың арасында 1 жасар бала бар.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ