Қытайдың солтүстік-шығысындағы тұрғындар үш бірдей Күнге куә болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың солтүстік-шығысындағы тұрғындар үш бірдей Күнге куә болды

26.12.2017

Қытайдың солтүстік-шығысындағы Хайлун қаласының тұрғындары ерекше оқиғаға куә болды. Олар таңсәріде аспаннан бір емес, үш Күннің туып келе жатқанын көрген. Сирек құбылыс 15 минутқа созылды. Кейін кәдімгі Күн толық шыққанда қалған екеуі біртіндеп жоғалып кеткен.

Ал, астрономдардың айтуынша, мұның атауы - паргелий немесе аудармасы жалған Күн.  Ол Күн сәулесі атмосферадағы мұз кристалдарына шағылысқанда пайда болады. Сонымен қатар, кейде түнгі аспанда Ай да бірнешеу болып көрінуі мүмкін. Ол құбылыс парселена деп аталады.   

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу