Қытайдағы Хукоу атты алып сарқырама қыс түскенде қатып қалды. Кенеттен пайда болған мұздықты тамашалау үшін елдің түкпір-түкпірінен тұрғындар Шэньси провинциясының Линьфэнь қаласына ағылып жатыр. Олардың арасында туристер мен фотографтар да аз емес.
Мұнда халықты мұздықтар ғана емес, кемпірқосақ та айтарлықтай қызықтырып отыр.
Айта кетсек, Хукоу – әлемдегі ең үлкен, ал, Қытайдағы екінші ірі сары түсті сарқырама. Оның атауы «шәйнектің аузы» деген мағынаны білдіреді.
Арыстан РЫСБЕК