Куба президенті Рауль Кастро билікте сәуірдің 19-на дейін қалатын болды. Оның өкілеттігі ақпанда аяқталып, «Бостандық аралында» Кастролар әулетінің 60 жылдық басшылығы аяқталуы тиіс еді. Бірақ, бүгін анықталғандай, билікті жаңа президентке тапсыру жөніндегі тарихи салтанат екі айға кешігіп өтпек. Өйткені, осы күзде Кубаға соққы берген «Ирма» дауылы кесірінен мемлекеттің келесі жетекшісін сайлауды кейінге қалдыруға тура келген.
Айта кетсек, 86 жастағы Рауль президенттік постқа 2008 жылы ағасы Фидель Кастро қызметтен кеткеннен кейін отырды.
Арыстан РЫСБЕК