Айдос Сарым: Қоғам тарапынан билікті қадағалау процесі артуы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айдос Сарым: Қоғам тарапынан билікті қадағалау процесі артуы керек

16.09.2022
Айдос Сарым: Қоғам тарапынан билікті қадағалау процесі артуы керек

Қоғам тарапынан билікті қадағалау процесі артуы керек. Жоғарғы билікте саяси монополияның қалыптаспауына халықтың өзі кепіл болады. Ол үшін мықты Парламент, есеп беретін Үкімет қажет. Президенттің жеті жылдық бір мерзімге сайлануы жаңа демократиялық модельге алып келеді. Конституцияға енгізілетін өзгерістер болашақта осы қалпында қалады. Себебі ел егемендігі, жер тұтастығы сияқты баптарға президенттік мандат та қосылып отыр.

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Бізге де сондай қоғам керек. Өзінің Конституциясын қорғай алатын. Өз тағдырына жауап бере алатын қоғам керек. Меніңше Жаңа Қазақстан деген сол. Қазір соның алдында тұрмыз.

Хабарламаларға жазылу