Мельбурн қаласында көлік жаяу жүргіншілерді қасақана қағып өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мельбурн қаласында көлік жаяу жүргіншілерді қасақана қағып өтті

21.12.2017

Австралияның Мельбурн қаласында көлік жаяу жүргіншілерді қасақана қағып өтіп, 14 адам жаралады. Олардың кейбіреуі мүшкіл халде. Жапа шеккендердің ішінде мектеп жасына толмаған бір бүлдіршін басынан жараланған. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, ақ түсті джип сағатына 70 шақырым жылдамдықпен жүйткіп, көше қиылысында тұрған бір топ адамды баса жөнелген. Полиция көлік жүргізушісімен қоса тағы бір адамды ұстады. Әзірге, қастандықтың неліктен жасалғаны белгісіз.

Бұл оқиға осыған дейін АҚШ және Еуропа елдерінде машиналармен жасалған терактілерге ұқсас. Дегенмен, Австралия полициясы тергеудің жүріп жатқанын және шабуылдың нақты себептерін айтуға әлі ерте екенін мәлімдеді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу