Канаданың Торонто қаласында автофургон жаяу жүргіншілерді қағып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канаданың Торонто қаласында автофургон жаяу жүргіншілерді қағып кетті

24.04.2018

Канаданың Торонто қаласында төтенше жағдай. Мұнда автофургон жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып кетіп, 10 адамды мерт етті. 15-сі жараланған. Куәгерлердің сөзінше, көлік тротуарға шығып кетіп, адамдарды қағып, кейін автомобиль жолына оралып, тротуарға қайта шыққан. Жүргізуші оқиға орнынан ізін суытуға тырысқанымен, ол полицияның қолына түсті. Шабуыл жасаған 25 жастағы Алек Минассиан. Оның ешқандай қылмыстық топтармен байланысы жоқ екені белгілі болды. Ал, оның бұл әрекетке неліктен барғаны әзірге белгісіз.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу