АҚШ-та 709 карат гауһартас 65 млн долларға сатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та 709 карат гауһартас 65 млн долларға сатылды

05.12.2017

Әлем бойынша 14-ші ірі гауһартас Нью-Йорктегі аукционда 6,5 млн. долларға сатылды. Сьерра-Леоне үкіметі саудаға шығарған 709 караттық бағалы тас «Бейбітшілік бриллианты» деп аталады. Бұл саудадан түскен қаражат осы елді дамытуға арналған жобаларға жұмсалмақ. Ақшаның басым бөлігі тұрғындарды таза сумен, электр қуатымен жабдықтауға, білім беру және денсаулық сақтау салаларын жақсартуға бөлінеді. Гауһартас Сьерра-Леоненің Кориарду атты ауылында осы жылдың наурызында табылған екен.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу