Сауд Арабиясында коррупцияға қатысты ұсталған ханзадалардың бірі Митеб бин Абдулла 1 млрд доллар төлеп бостандыққа шықты. Мұны «Reuters» агенттігі хабарлап отыр. Оның мәліметінше, осы ханзадамен бірге тағы үш адам үкіметпен арадағы келісім бойынша қамаудан шыққан.
Марқұм Абдулла патшаның ұлы 65 жастағы Митеб ханзада бір кездері таққа жетекші мұрагерлердің бірі болды. Ол қазіргі тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманның билігін күшейтуге бағытталған науқан кезінде 11 ханзадамен бірге ұсталды. Сондай-ақ, Митеб бин Абдулла өз компанияларының мемлекетпен келісімшарттар жасауына ықпал етті, бюджет ақшасын талан-таражға салды деп айыпталды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ