Бухарестте сот жүйесін өзгертуге қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бухарестте сот жүйесін өзгертуге қарсы шеру өтті

27.11.2017

Румыния астанасы Бухарестте кең ауқымды шеру өтіп жатыр. Оған 20 мыңдай адам жиналған. Наразылық акциясына қатысушылар биліктегі Социал-демократиялық партияның сот жүйесін қайта қарау жоспарына қарсы. «Ұрылардың елі болғымыз келмейді», «Әділет үшін» деп ұрандатқан шерушілер парламент ғимаратына дейін барған. Олар осы наразылық акциясының сот реформасын өзгертпеуге ықпал ететінінен үмітті. Кері жағдайда прокуратураның өкілеттігі шектеліп, шенеуніктерге қарсы тергеу жүргізе алмайды. Ал, Әділет министрлігі прокурорлардың жұмысына бақылауды кеңейтуге мүмкіндік алмақ. Еурокомиссия осы өзгеріс арқылы Румынияда сот билігі саясаткерлердің бақылауына өтуі мүмкін деп қауіптенеді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу