Ресейлік бизнесмен Сүлейман Керімов тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейлік бизнесмен Сүлейман Керімов тұтқындалды

22.11.2017

Францияның Ницца қаласында ресейлік бизнесмен, сенатор Сүлейман Керімов тұтқындалды. Париждегі Ресей елшілігі өкілдерінің мәлімдеуінше, ол әуежайда ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген. Бірақ, Керімов парламенттің жоғарғы палатасының мүшесі болғандықтан, онда шет елде қудалаудан сақтайтын дипломатиялық иммунитет бар.

Қазір ресейлік дипломаттар оны босатуға әрекет жасап жатыр. Бизнесмен нақты не үшін тұтқындалғаны белгісіз. Дегенмен, «Reuters» агенттігінің хабарлауынша, ол салыққа қатысты заңсыздықтарға барса керек.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу