Лукашенко: Ресей бізді жоғалтып алудан қорқады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лукашенко: Ресей бізді жоғалтып алудан қорқады

04.08.2020

Ресей Беларусьті жоғалтып алудан қорқады. Александр Лукашенко бүгін ұлтқа үндеуінде осылай деп мәлімдеді. Жуырда Беларусьте ресейлік жалдамалы әскерлер тұтқындалды. Лукашенконың ойынша, сол топ жергілікті оппозициямен байланысып, елде төңкеріс жасағысы келген. Алайда, Мәскеу мұны жоққа шығарып отыр.

Айта кетсек, Беларусьте тамыздың 9-да президенттік сайлау өтеді. Оның қарсаңында елде саяси шиеленіс ушығып, оппозиция мыңдаған адамды шеруге шығарды.


Хабарламаларға жазылу