Ұлыбританияда Airlander 10 ұшағы апатқа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда Airlander 10 ұшағы апатқа ұшырады

20.11.2017

Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, оқиға Кардингтон аэродромында болды. Алайда, ол бір күн бұрын сәтті сынақтан өткені белгілі болған. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Айта кетейік, бұл ең ұзақ қашықтыққа ұшатын аппарат – ұшақ пен дирижабль арасындағы гибрид болып есептеледі. Бұл әуе техникасын шығарушы компания Hybrid Air Vehicles өкілдерінің мәлімдеуінше, апатқа екіпінді жел себеп болуы мүмкін. Қазір келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу