93 жастағы Мугабе 1980 жылы билікке келіп, Зимбабвені 37 жыл басқарып, «Африка саясатының атасы» атанды. Бірақ, соңғы 20 жылда бұл ел ауыр экономикалық дағдарысқа тап болып, миллиондаған адам шетелге қашты. Ал, 2007-2008 жылдары бұл оңтүстікафрикалық мемлекетте инфляция деңгейі 500 миллиард пайызға дейін өскен.
Зимбабведе саяси шиеленіс өткен аптада Мугабе вице-президентті отставкаға жіберіп, өз орнына 53 жастағы әйелін қояды деген хабардан кейін өршіді.
Айта кету керек, бүгін таңертең армия үкімет үйі мен парламентті және мемлекеттік телерадиокомпанияны басып алып, билікті Мугабенің айналасындағы «қылмыскерлерден» тартып алғанын жариялаған еді.
Сибусисо Мойо, генерал-майор, армия өкілі:
- Республика президенті мен әскер қолбасшысы Мугабе мырза мен оның отбасы қазір қауіпсіз жерде. Біз тек оның айналасындағы қылмыскерлерді жауапқа тартқымыз келеді. Өйткені, олар елге әлеуметтік-экономикалық зардап әкелді. Миссиямыз орындалды. Жағдай қалыпқа келеді деп ойлаймыз.
Арыстан РЫСБЕК