Зимбабве әскерилері билікті президент Роберт Мугабенің айналасындағы «қылмыскерлерден» тартып алғанын жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зимбабве әскерилері билікті президент Роберт Мугабенің айналасындағы «қылмыскерлерден» тартып алғанын жариялады

15.11.2017

Бірақ, 93 жастағы мемлекет басшысы аман деп хабарлайды армия өкілдері. Бүгін жауынгерлер үкімет үйі мен парламентке және соттарға баратын негізгі жолдарды жапты. Сонымен қатар, олар мемлекеттік телерадиокомпанияны басып алған.

«Африка саясатының атасы» атанған Мугабе Зимбабвені 37 жыл басқарды. Бүгінде бұл оңтүстікафрикалық мемлекет тұрғындары әлеуметтік және экономикалық дағдарыстан зардап шегіп отыр. Ал, 2007-2008 жылдары мұнда инфляция деңгейі 500 миллиард пайызға дейін көтеріліп, қазір шамамен 50 пайызға жақындап отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу